$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда кітапханашылар күні аталып өтілді

1999 жылдан бері жыл сайын аталып өтілетін кітапханашылар мерекесі қарсаңында ашық есік күні ұйымдастырылған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дүниежүзілік «Кітапханашылар» күні аталып өтілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласында орналасқан Ұлттық кітапханада «Мамандығым - мақтанышым» атты ашық есік күні өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

1999 жылдан бері жыл сайын аталып өтілетін кітапханашылар мерекесі қарсаңында ашық есік күні ұйымдастырылған. Одан бөлек, көрме ұйымдастырылып оған отандық және ТМД елдерінің әдістемелік оқу құралдары қойылған. Шара аясында еңбегі еленген үздік қызметшілер де марапатталды.

Кітапханашылар күніне өткізілген жиын барысында сала мамандары мамандықтың мәртебесін арттыру мен кітапханашылардың имиджін қалыптастыру мәселесін талқы етті.

«Кітапхана мамандығын насихаттау және де жастарды кітап оқуға үгіттеу. Бұл шараға Алматы қаласында оқып жатқан кітапхана мамандығын оқып жатқан студенттер қатысып отыр. Сонымен қатар, басқа да ат салысқан оқу орындары бар», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми әдістемелік қызметінің жетекші маманы Эльмира Әзіретбергенова.

Айта кетейік, қазіргі таңда Еліміздің ең ірі мегаполиісі саналатын Алматы қаласында үлкенді-кішілі 40-қа жуық кітапхана бар.

Естеріңізге сала кетейік, 15-ші қазан кітапханашылар күні.

Кітапханашы күні – бұл қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.

Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, қазіргі таңда ел-халықтың 15 пайызы кітапханаға барады екен. Әлеуметтік сауалнама қорытындысына сенсек, респонденттердің 67 пайызы кітапты сатып алып оқитынын айтса, жалпы оқырманның 83 пайызын көркем әдебиет қызықтырады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кітапхана