$ 494.87  520.65  4.91

Университет хатшысы қарағандылық студенттерді үш миллион теңгеге алдап кетті

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің қызметкері студенттерден ақылы жүйеден тегін бюджеттік жүйе түріне ауыстыру үшін ақша алған, деп хабарлайды «Новый вестник» газеті.

Университетте хатшы болып қызмет атақаратын Назым Жаңабаева 15 студентті өтірік уәде беріп, алдап кеткен. Ол студенттерге тегін грант бөліміне көшірілуге көмектесемін деп, өзінің көмегін ұсынған. Алайда, іс жүзінде Жаңабаеваның ондай мүмкіндігі жоқ еді.

Айласы әшкере болған соң, студенттер полиция бөліміне хабарласқан. Болған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс сот отырысына дейін жетті. Дегенмен, Назым Жаңабаеваның өз кінәсін мойындап, барлық жиналған ақшаны иелеріне қайтаруына байланысты сот оны айыптан босатты.

Жаңабаеваның жасаған әрекетінде ешқандай сыбайласы болмаған екен. Ал, жинап алған ақшасының жалпы көлемі 3 млн. теңгені құраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары