$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау әкімдігінің күзет қызметкері өзін атып өлтірген

Ақтау қалалық әкімдігінің күзет қызметінде жұмыс істейтін әйел қызмет орнында өзін атып өлтірді деп хабарлайды "Тумба" порталы қаланың полиция басқармасына сілтеме жасап.

Портал тілшілерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кешегі демалыс күндері орын алыпты. Алдын ала болжам бойынша, жас келіншек өзін қызметтік тапаншасынан атып салған.

Марқұмды мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Оны қазіргі таңда полицейлер анықтап жатыр. Бейресми деректерге сүйенсек, қайтыс болған күзетші әйел қатерлі ісік ауруымен ауырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары