«Жастар жылы» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Алматы қаласын дамыту орталығы мегаполис әкімдігінің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатоны қалалық жарысы өтті. Жарыс барысында 140 қатысушысы қала үшін маңызды «ақылды» жобаларды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
5-6 қазанда Q-Lab қалалық жобалар зертханасында (Абай даңғ.,90) бағдарламалық өнімдерді отандық әзірлеушілер жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді әзірлеу және таныстыру үшін командаларға бірігіп, идеядан прототипке дейін жүзеге асыру үшін 24 сағат берілді.
Хакатонның бірінші күні командалардың құрылуынан, идеялар питчингінен, менторлар және қазылар алқасымен танысудан басталып, олардың құрамында сарапшылар, кәсіпкерлер мен отандық компаниялардың басшылары және басқалары бар. Сондай-ақ қатысушылар экология, трафик және кептеліс, креативті экономика, медицина, қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және ТКШ тақырыптары бойынша тапсырмалар алды.
Соңғы күні командалар қазылар алқасына өз прототиптерін ұсынды. Хакатонның барлық қатысушылары сертификаттар алады, хакатонның жеңімпаздары әкімнің ақшалай сыйлығына ие болды: бірінші орын - 1,5 млн теңге, екінші орын - 1 млн теңге, үшінші орын алғандар 500 мың теңге алды. Қазылар алқасы мүшелерінің жобаларды бағалау критерийлері - жобаның идеясы, оны іске асыру (макет, интерфейс, функционалдылық), сондай-ақ ілеспе материалдар (презентация, сипаттама, сөз сөйлеу) болып табылады. Негізгі шарт - жоба тікелей хакатонда әзірленіп, қатысушылардың бұған дейінгі жобаларын қайталамайтын немесе жалғастырмайтын жаңа идея болуы тиіс болды.
«Үш команданың жұмысы ең үздік деп танылды. Атап айтқанда, HCK50 командасы туристерге арналған Salem Tourist жобасын, GGG — қалдықтармен жұмыс істейтін «Smart bin»-ді, ал Mbionics командасы көлік нөпірін реттейтін «Ақылды тұрақ» жобасын жасады. Барлығы 30-дан астам жоба ұсынылды» деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram-дағы парақшасында.
Сонымен бірге, алдағы уақытта зияткерлік жобаларға қолдау көрсетіледі.
«Зияткерлік жобалар мен ұтымды қосымшаларды ұсынған командалардың жұмыстарына қолдау көрсетілмек. Біз «ақылды» марафонды жыл сайын өткізу арқылы оның қолдану аясын кеңейтіп, жоба әзірлеушілерді көбірек тартамыз» деп жазды Б.Сағынтаев.