$ 498.34  519.72  4.85

«Айтыс - сөздің майданы» тақырыбында жас ақындар айтысы өтті

Жас ақындар айтысын өткізудің негізгі мақсаты - оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы ақындық өнерді дамыту, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, айтыс өнерінің суырыпсалмалық қасиетін насихаттау.
Фото: Государственное коммунальное казенное предприятие
Фото: Государственное коммунальное казенное предприятие

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалалық жалпы білім беретін мекемелерінің оқушылары арасында, Жастар жылына орай, Алатау ауданы №1 Оқушылар үйінде «Айтыс - сөздің майданы» тақырыбында жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жас ақындар айтысын өткізудің негізгі мақсаты - оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы ақындық өнерді дамыту, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, айтыс өнерінің суырыпсалмалық қасиетін насихаттау.

Айтысқа Алматы қаласы Білім басқармасы «Рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану» бөлімінің бас маманы Жанұзақова Лаура Нұрбақытқызы, Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Дүйсенбі Асқар Кейкіұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, доцент Дарибаев Самалбай Дарибаевич, Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Наурызбай ауданы «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейтасқаров Мұрат Айнашович, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Педагогика және психология» институтының директорының орынбасары, профессор Ақжолова Ақтоты Төлеумұратқызы және Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлбану Садуақас қазылық етті.

Жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашып, дарынды оқушыларды қолдау, олардың шығармашылығын дамыту, поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, сөз құдіретін сезіне білуге үйрету, қазақ сөз өнеріндегі тап бермеде тауып айтатын ой ұшқырлығын жетілдіру мақсатында өтетін ақындар айтысы екі айналымда өтті.

Бірінші айналым:Тақырыптық айтыс - тақырып жеребе арқылы белгіленді. Айтыскерлер жеребе арқылы алған тақырып төңірегінде өз ойын ортаға сала отырып, тапқырлық, суырыпсалмалылық, алғырлық қасиеттерін ашты. Берілген тақырыпты арқау ете отырып, қоғамдағы мәселелермен, ел мүддесімен ұштастыра білу шеберлігі сыналды.

Екінші айналым: Шешуші айтыс - бірінші айналымнан өткен ақындар сайысқа түсті. Бұл кезеңде ақындар Жастар жылына байланысты алған тақырыптарын арқау етіп, озық ойлары, мақтаныштары, ізгі тілектерін, асқақ армандарын тілге тиек ете жастар туралы барынша жырлады.

Қазылар алқасының шешімімен Алатау ауданы №156 ЖББМ 9 «Ж» сынып оқушысы Сыдықов Бейбарыс Бас жүлде иегері, Бостандық ауданы №145 ЖББМ 7-сынып оқушысы Бекежанұлы Алинур І орын, Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Арыстанбек Мәншүк ІІ орын, Алмалы ауданы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиясының 8-сынып оқушысы Әділнұр Аружан ІІІ орынға лайық деп танылды.

Жас ақындар айтысына белсене қатысқаны үшін Елубай Ғайзат, Мейрамбай Әділ, Сауытхан Айбарыс, Тохар Гауһар марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары