$ 494.87  520.65  4.91

Филиппин президентінің көңілдесі "Әлем аруы" атанды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен "Әлем аруы - 2015" байқауы өз мәресіне жетіп, филиппиндік 26 жастағы бойжеткен Пиа Алонсо Вуртцбах жеңімпаз атанды. Бұл жайында байқаудың Twitter парақшасында хабарланған.

Байқау жеңімпаздарын анықтау рәсімі кезінде жүргізуші Стив Харви шатасып, "Әлем аруы" атағын колумбиялық Ариадна Гутьеррес Аревало жеңіп алды деп мәлімдеген. Тіпті, жеңімпаздың гауһар тәжі де оның басына киілді. Алайда, араға бірнеше минут салып Харви өзінің қателескенін айтып, колумбиялық бойжеткеннің басынан тәжді қайта шешіп алды. Ол жеңімпаздың есімі жазылған қағазды дұрыс оқымағанын айтып ақталды.

Айта кету керек, Пиа Алонсо Германияда дүниеге келген. Филиппиндік БАҚ өкілдері оның ел президенті үшінші Бенинго Акиноның көңілдесі екенін айтады.

Ал, "Әлем аруы-2015" байқауы болса 16 желтоқсан күні басталған болатын. Оған әлемнің 80 елінен арулар қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары