Бүгін таңертең Сингапур биржасының ашылымында Brent маркалы мұнайдың бағасы арзандап, 36,32 долларға дейін жетті. Дегенмен, араға бірнеше минут салып сәл ғана көтеріліп, 36,49 көрсеткішінде тұрақтады деп хабарлайды BBC News.
Сонымен қатар, техастық WTI маркалы мұнайы да арзандап отыр. Оның бір барелі 34,53 долларды құрады. Қара алтын бағасының бұлайша құлдырауы 2004 жылдан бері орын алмаған дейді сарапшылар.
Дей тұра, әлемдегі мұнайлы елдер шикізатты өндіру ауқымын азайтудың орнына арттырып жатыр. Бұл өз кезегінде мұнайға деген сұраныстың төмендеп, бағаның тағы да төмендеуіне алып келетіні сөзсіз.