21.10.2019, 13:42

«Аман келешек» инклюзивті фестивалі өтті

Фото: www.kazinform.kz
«Аман келешек» фестивалінің негізгі мақсаты - қазақстандық қоғамда кең инклюзивтік көзқарасты ілгерілету. Бұл жоба «инклюзия» ұғымын әртүрлі тұрғыдан ашуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласында «Жастар жылы» аясында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Аман келешек» VI Республикалық инклюзивті фестивалі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фестиваль қатысушыларын құттықтаған ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин мұндай жобалардың пайдалы әрі маңызды екенін де атап өтті.

«Менің ойымша, Қазақстанда балаларды шабыттандыратын, оларға өздерін көрсетуге, таланттарды ашуға, бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік беретін мерекелердің көп болуы керек. Мұндай жобалар көптеген концерттер мен көпшілік іс-шараларға қарағанда әлдеқайда пайдалы. Ал мұнда әрбір бала өздерімен бірге үлкен тәжірибе, жаңа танысулар, шабыт алып, келесі жылы фестивальге қатысуға тырысады» деді ол.

«Аман келешек» фестивалінің негізгі мақсаты - қазақстандық қоғамда кең инклюзивтік көзқарасты ілгерілету. Бұл жоба «инклюзия» ұғымын әртүрлі тұрғыдан ашуға мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз, ересек адамдар, басқалар сияқты дүниеге келмеген балаларға қатысты дұрыс қолдануды үйрену. Сондай-ақ, ерекше құрдастарымен қарым-қатынас жасай алатын, сонымен қатар кез келген жағдайда өздері де көмектесетін инклюзивті ортада нормотипті балаларды тәрбиелеу. Ал барлығы ойындардан, мастер-класстардан және эстафеталардан басталады. Сондықтан да «Аман келешек» фестивалі үлкен интерактивті алаң болып табылады, онда әрбір бала өзін қоғам үшін маңызды және қажетті сезінеді. Әркім өзінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, өзінің әлеуетін сезінетін, өзінің дарындылығын дамыту мүмкіншілігін тапқан, ерекше қабілеттерін көрсететін ел бәсекеге қабілетті бола алады» деп атап өтті Алматыдағы Тұңғыш Президент Қоры өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

Шараның екінші бөлімі үш негізгі тақырыптық блоктан тұрды – білім беру, шығармашылық және спорт.

«Білім» секциясында даму ерекшеліктері бар балалар инклюзивті білім алуға бағытталған қазақстандық ЖОО туралы білді. Университет өкілдері оқу гранттары бағдарламасын таныстырды, сондай-ақ болашақта мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін көрсете алатын мамандықтар туралы әңгімеледі.

«Шығармашылық» алаңда барлық тілек білдірушілер үшін инклюзивті бағдарламалар негізінде сурет және кескіндеме, қағаз үлгілеу, сәндік-қолданбалы өнер және флористика сияқты төрт бағыт бойынша шеберлік сабақтар өткізілді. Әр жастағы балалар өздерінің тәлімгерлерімен әр түрлі аппликациялар жасады.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша үш мыңға жуық бала қатысқан «Аман келешек» фестивалі биыл жаңа форматта өтті. Іс-шара дарынды жас қазақстандықтардың және эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламасы мен кішкентай бишілер хореографиялық номерлерімен жалғасын тапты.

Тегтер: инклюзия