$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа жоба іске қосылды

«Ізгілік елшісі» — бұл студенттерден құралған еріктілер тобы кіретін, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, жастарды еріктілікке тартуға көмектесетін жоба.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен бірлескен «Ізгілік елшісі»/«Акселератор добра» жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жобаның презентациясына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бастығы Қайрат Сүнтаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері, университеттің басшылары, журналистер мен «Ізгілік елшісі» / «Акселератор добра» жобасының еріктілері қатысты.

«Ізгілік елшісі» — бұл студенттерден құралған еріктілер тобы кіретін, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, жастарды еріктілікке тартуға көмектесетін жоба.

Жобаның мақсаты — адамгершілік пен жанашырлықты дамыту, жас ұрпақты сыйластыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Ректор Такир Балықбаев жобаның маңыздылығына тоқтала келіп, жастарды көмекке мұқтаж жандарға: көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына көмек көрсетуге тарту екенін атап өтті.

«Университет Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласындағы Департаментімен бірлесіп жаңа жобаны бастады. Негізгі идея — жастарды мейірімділікке, әдептілікке, қайырымдылық көмекке шақыру. Біз бұл құндылықтарды туралы тек сабақтарда ғана емес, нақты іс-әрекеттерімізбен де көрсетуіміз керек. Жоба көмекке мұқтаж адамдар мен жақсылық жасағысы келетіндер арасында байланыс қызметін атқарады. Біздің мақсатымыз – көп балалы отбасыларға және ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға көмектесу. Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен қызметкерлері алғашқы күндердің өзінде 18 отбасына көмек көрсетті» деді ректор. Оның айтуынша, университетте жоба мұқтаж отбасылар туралы мәліметтер базасы құрылған.

Жобаның үйлестірушісі, Сорбонна-Қазақстан институтының қосалқы директоры Айнұр Сәбитова жоба қызметінің барысы мен болашақ жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ректор Такир Балықбаевқа, жобаны ұйымдастырушыларға және еріктілерге мұқтаж жандарға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Жоба жұмысына сәттілік тілей отырып, ол мемлекеттік органдар мен мекемелердің барлық қызметтері ашық және айқын болуы керек екенін атап өтті. Алик Шпекбаев болашақта жобаның елдің барлық аймақтарында жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жаңа жоба