KASE қор биржасының таңертеңгілік сессиясында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 349,12 теңгені құрап, жаңа антирекорд жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейінгі рекорд 18 желтоқсан күні орнаған болатын. Ол кезде 1 АҚШ доллары 344 теңгеге тұрақтаған еді.
Бүгінгі таңертеңгі сессияның ашылуында доллар бағамы 347 теңгеден басталды және бұл осы саудадағы ең төменгі көрсеткіш еді. Ал, ең жоғары көрсеткіш 349,9 теңгеге дейін жетті. Жалпы, сауда барысында 113,55 миллион доллар сатылып, аукционға барлығы 24 тұлға қатысты.
Kurs.kz порталының мәліметінше, мұнан кейін валюта айырбастау орындарында доллардың құны 348-351 теңге аралығында сақталып отыр.