Сарыағаштық Майра Ескелді торт пісіріп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер келіншек. Дизайнерлік оқуға түссе де, көңілі тәтті-дәмді пісіруге көңілі ауған ол, бұл шешіміне еш өкінбеймін дейді. KAZ.NUR.KZ сұхбат берген кейіпкер жас кәсіпкерлерге айтар кеңесімен де бөлісе кетті.
- Майра қайырлы күн, шыны керек, желідегі торттарыңызды көріп қатты таң қалдық. Кондитерлік кәсіпке қалай келдіңіз?
- Қайырлы күн, рахмет, мен негізі дизайнер, тігінші боламын деп ойлағанмын. Үйде сол қонақтарға жасаған тортымды мақтап, тапсырыс қабылдамайсыз ба деп біразы ой тастаған болатын. Осыдан 4 жыл бұрын хобби етіп бастаған болатынмын. Содан бері ақырындап тапсырыс қабылдап, қазір бизнеске айналып кетті.
- Жалпы кондитерлер қазір елімізде көп қой... Десек бәсеке бар, бәсекелестіріңізден асып түсу үшін қай жағын қолға алып жатырсыз?
- Ия, тапсырыс көп. Әсіресе, мейрам күндері. Қазір не көп той көп қой, бәсекелестер де жетіп жатыр. Әркімнің ризығы өзінде. Адал жолмен тапқан ақшаның жемісі тәтті болады. Мақсатым біреуден асып түсу емес. Өзім осы жұмысты жақсы көргендіктен кірістім. Ешкіммен жұмысым жоқ. Әркімдікі өзіне, кейде жарнама да жасаймын. Егер жасаған затыңның сапасы жақсы болса, клиенттер өзі-ақ келеді.
- Өзіңіз қай жақтан боласыз? Өз мамандығыңыз бойынша кімсіз?
- Өзім Сарыағаш қаласынан боламын, жасым 23-те. Оқуымды аяқтамадым, тұрмыс құрдым. Мамандығым дизайнер болатын. Суретшілік қабілетім де бар. Дизайнер болу бала кезімнен келе жатқан арманым болатын.
- Осы кәсібіңізбен отбасыңызды асырап отырсыз ба? Жалпы ай сайын қанша табыс табасыз?
- Аллаға шүкір бәріне жеткіземіз. Бұл істі бастауыма ең бірінші жолдасым себепкер. Осы күнгі жетістіктерім сол кісінің арқасы. Айлықты негізі есептемейді екенмін. Шамамен 200-400 мың арасы шығар. Меніңше әрбір әйел адамның өзінің жақсы көретін жұмысы болуы тиіс.
- Қанша бала тәрбиелеп отырсыз? Жолдасыңыз немен айналысады?
- Ия отбасы құрғанымызға міне 6 жыл болды, 2 қыз 1 ұлым бар. Жолдасым қазір машинамен айналысады. Мамандығы мұғалім, бірақ ол мамандық бойынша жұмыс жасамайды. Ол кісінің де өзінің бизнесі бар.
- Кәсіпкер ретінде қыз-келіншектерге қандай ақыл айтар едіңіз?
- Бизнес бастауға ешнәрседен қорықпау керек. Әрине басында сүрінесін, ұтыласың. Бірақ тоқтамау керек. Алға ұмтылу керек. Жаныңда демеп қолдап отыратын адам болса тіптен жақсы. Өз өміріңіз өз қолыңызда. Тәуекел етіп, өзіңіздің кім екеніңізді таппайынша алға ұмтылу керек. Өзіңізді тапқан соң, дұрыс мақсат қою керек. Дұрыс мақсат қойылса жетістіктерге жетуге болады.