$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 4 күнде 4 мың рет жол ережесі бұзылған

14 - 17 желтоқсан күндері аралығында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мен Алматы қаласының Ішкі істер департаменті бірқатар рейдтік шаралар өткізді.

Аталған күндер аралығынлда ІІД жол жүрісі қауіпсіздігін бұзған 4092 адамға түрлі әкімшілік шаралар қолданған, соның ішінде 46 адам көлікті мас күйінде айдаған; 103 адамның көлігінде мемлекеттік нөмір болмаған, ал 255 адам көлеңкелі шынысы бар көлік жүргізген.

«ЖЖҚ бұзудың басты факторы жекелеген жүргізушілердің тәртіпсіздігі, олардың кейбіреулері жоғары жылдамдықпен жүреді, енді біреулері жол белгілеріне мән бермейді, тиісті нормаларды сақтамайды. Соңғы кездері жоғары жылдамдықпен жүргенін жасыру үшін кейбіреулер алдыңғы нөмірлерін алып тастайтын болды», - дейді қаланың ІІД-нің өкілдері.

Кейбір жекелеген жүргізушілер көлік шыныларын көлеңкелеп, жалпыға ортақ міндеттерді бұзып келеді. Ал ең басты қауіп - көлікке мас күйінде отырғандардан келуде. Сондықтан бұлардың барлығына шараларды күшейту қажет. Өйткені, құқықтық тәртіп бәрімізге ортақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ЖЖҚ бұзғаны үшін 308 мың азамат жауапқа тартылды. Олардың 2153-і көлікті мас күйінде жүргізген, 3811-де мемлекеттік нөмір болмаған, 3929-ы көлеңкелі шынымен жүрген.

Алматы қаласы ІІД-нің басшылығы ортақ тәртіпті бұзушыларға түрлі шаралар қолданумен қатар, апат болдырмаудың алдын алуда. Бұл жұмыс тың қатаң бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары