$ 494.87  520.65  4.91

800-ден астам тұлға жат ағымдардың жетегінен құтылды

Қазақстанда 2015 жылдың басынан бастап 800-ден астам тұлға жат ағымдардың жетегінен дәстүрлі дінімізге қайтты, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.  

«ҚМДБ-ның жылдық есебі бойынша 2015 жылы 802 тұлға жат ағымдардың жетегінен дәстүрлі дінімізге қайтты», — делінген хабарламада.

Осы жылы ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі «шариғи», «әлеуметтік», «медицина», «отбасы мәселелері» бағытында 13 пәтуаны қабылдап, шешім шығарды.

Республика бойынша «Құран жарыстары», «сауат ашу курстары», «сенбіліктер», «пікірталастар», «викториналар», «рухани кештер» секілді іс-шаралар ұйымдастырылды. Жастардың қатысуымен 3010 кездесу өтсе, 315 әртүрлі акциялар ұйымдастырылып, оған 128 000 азамат қатысты. 423 000 оқушы, студентке уағыз-насихат айтылды.

2015 жылы ҚМДБ-ның облыстық жерлердегі Түзеу колонияларындағы сотталушылармен түсіндірме жұмысын жүргізетін арнайы имамдар құрамы жасақталды. Олар террористік және діни экстремистік идеяның таралуына жол бермеуге бағытталған түсіндірме шараларын белсенді жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылы экстремистік әрекетке қатысты жазасын өтеуші 723 тұлғаға қатысты жеке түсіндірме жұмысы жүргізілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары