$ 494.87  520.65  4.91

«Сәйгүлік» атты шығармашылық көрмесі ашылды

Шараның мақсаты – киелі жылқы образын бейнелеу арқылы қылқалам шеберлері мен олардың шәкірттерінің еңбектерін халыққа насихаттау.

Бүгін Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының галереясында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, академияның мектеп-интернаты және колледжінің профессор-оқытушылары мен студенттерінің «Сәйгүлік» атты шығармашылық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында «Сәйгүлік» атты жылқыға арналған көрме ашылды. Мұнда жалпы 100-ге жуық туынды қойылған. Оның ішінде тек бейнелеу өнері ғана емес, мүсіндер және алтынмен апталып, күміспен күптелген ат-әбзелдері ұсынылған.

Шараның мақсаты – киелі жылқы образын бейнелеу арқылы қылқалам шеберлері мен олардың шәкірттерінің еңбектерін халыққа насихаттау.

Көрмеге тарих ғылымдарының докторы, профессор Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ахмет Тоқтабай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жастар одағы, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті стипендиясының иегері, Республикалық бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері Маралтай Райымбекұлымен кездесу ұйымдастырылды. Келушілер жылқы малының қыр-сырын әлемдік деңгейде зерттеп жүрген ғалымның тың еңбектерін тыңдап, Маралтай ақынның шара тақырыбына сай жырларымен сусындады.

«Ұлы даланың жеті қырына» сай осы тақырыпты міндет деп санап осы ұстаздарымыз, шәкірттермен, студенттермен бірігіп, осы көрмені ашып отырмыз. Бұл көрменің басты мақсаты ертең біздің шәкірттеріміз үлкен кескіндемелік шығармаларын, мүсіндік шығармаларын атпен байланыстырып салған кезде білуі керек» деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділдә.

Қазақстанның белгілі тарихшылары мен жазушылардың еңбектерін жас буын ұрпаққа таныстырып, бейнелеу өнерінің мәртебесін әлемдік деңгейге көтеру және ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы және мемлекет дамуының эволюциялық жолы болып табылатын, бейнелеу өнер бағытындағы жаңа ортаны қалыптастыруды мақсат еткен шараға зиялы қауым өкілдері, оқу орнының оқытушылары мен студенттері және БАҚ қатысты.

Жүргеновтегі жүздесуге келген ақын Маралтай Райымбекұлы кеш соңында өз әсерімен бөлісті.

«Жүргенов атындағы өнер Академиясында бір ғажайып кездесу өтті. Жылқы туралы, жылқының қазақ баласына жақындығы тұрғысында әңгіме болды. Оқу орны Гулфайруз Исмайлованың атақты картинасының көшірмесін сыйлады. Үйге бұлбұл әнші Күләш апамыз туралы ойланып қайттым» деді ақын Маралтай Райымбекұлы

«Сәйгүлік» атты шығармашылық көрме және тарихпен өнер жолында еңбек етіп келе жатқанбелгілі тұлғалармен кездесіп, көрме қонақтары өзара байланысқан бірнеше іс-шараның бірге көрініс тапқан сәттерін тамашалауға, ата-бабаларымыздың тұрмысымен, салт-дәстүрімен танысуға, қазақы мәдениеттің, рухани дүниенің дәмін татуға мүмкіндік алды. Іс-шарада әр адам бейнелеу өнерініәң жан-жақтылығын сезіне жүріп, халқымыздың тарихымен таныса алды. Осының барлығы қонақтарға Ұлы даланың атмосферасына кіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Сәйгүлік» көрмесі 7 қарашаға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жылқы