$ 448.15  483.46  4.86

«Жол қозғалыс ережесі» туралы заңға тағы да өзгертулер енгізілуі мүмкін

Елімізде «Жол қозғалыс ережесі» туралы заңға тағы да өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, дап хабарлайды 31.kz.

Бұдан былай ол жоба бойынша жүргізуші көлігінде отырып, суретке түсіріп, бейнежазбаға жаза алады. Кептелісте тұрғанда ұялы телефонмен сөйлесе алады. Тоқтатқаннан кейін көлігінен шықпай, жол полиция инспекторын тек бес минут күте алады және жол сақшысы белгіленген уақытта келмесе кете беруге мүмкіндігі бар. Әлі жұмыс жоспар күйіндегі жоба жүргізушілерге көптеген жеңілдіктер қарастырып отыр.

Бұл аталған өзгертулер мен толықтырулар қазіргі жол қозғалысы ережесінде нақты қарастырылмаған. Соңғы рет үстіміздегі жылдың 7 қаңтарында қабылданған жаңа заң бойынша жүргізушілер күндіз жарық қосып жүру, көлігінен инспектор келгенше шықпау,он екі жасқа толмаған балаларды арнайы қауіпсіздік белдігімен қорғау тағы сол секілді өзгертулер еңгізілгенді. Бірақ ол жобада көлікте отырып, инспекторды жүргізушінің қанша уақыт күтуге тиістігі екені , сондай- ақ қазір әлеуметтік желіде көп талас тудыратын фото, видео түсірілімдер жүргізуге қатысты жағдайлар нақтыланбаған. Бұған дейін жол сақшыларының жолдағы жағдайларды бейнекамераға жазып, артынша әлеуметтік желіге жариялаған оқиғалар жиі болған еді.

Жүргізушілер де жол полициясын түсіріп, әлеуметтік желіге салды. Тіпті соңғы кезде полицейлерде бейнежазбасы бар жетондармен жабдықталған. Ал қарапайым халыққа фото мен видеоға рұқсат беру, кептелісте ұялы телефон қолдануға және жол полиция инспекторын көлігінде отырып, бес минут ғана күтуге мүмкіндік беруге ұсыныстар түсіпті. Қарапайым жүргізушілер бұл өзгерістерді қолдайды.

Бұл аталған жаңашылдықтар тек заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар еңгізетін жұмыс тобына түскен ұсыныстар ғана. Ал бұлардың заң жобасы ретіңде қабылдану, қабылданбауы тек уақыттың еншісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары