$ 498.34  519.72  4.85

8 жылда ЭКҰ арқылы елімізде 2700 бала өмірге келген

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда өткен "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы" XI Халықаралық Конгресте айтты.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бюджеттік ЭКҰ бағдарламасы арқасында елімізде 2010-2018 жылдар аралығында 2700 бала өмірге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда өткен "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы" XI Халықаралық Конгресте айтты. 

Министр жиын барысында елімізде тегін медициналық қызметтен өзге репродуктивтік денсаулық саласы да қолдау тауып отырғанын айтты.

Қазақстанда репродуктивті денсаулық бойынша ауруды ерте анықтау және оларға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі. Ана мен бала денсаулығы әрдайым мемлекет назарында. Оларға үшінші және төртінші деңгейлі алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Екі күнге созылған бұл шараға еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталықтарының жетекшілері және 18 елдің репродуктивті технология саласындағы жетекші мамандары қатысты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ана мен бала