27 қазан күні Ақтөбе облысының Ембі қаласында мектеп оқушысы үйінің ауласындағы сарайда асылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақтөбе Таймс" газетіне сілтеме жасап.
Бала Ембідегі орта мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқиды.
"Бұл І-тоқсаннан кейінгі демалыс күндері болды. Мектепте психолог бар, ата-аналармен жұмыс жүргізілуде", - дейді мектеп басшылығы.
Мектеп басшылығы баланың соңғы кездергі мінез-құлқы туралы айтудан бас тартты.
"Қазір психологтар туыстарымен жұмыс жасауда. Тергеу органдары оның себептерін анықтап жатыр. Бұл қайғылы оқиғаға қатысты қандай да бір түсінік беру қиын, өйткені баланың ата-анасы үшін ол өте ауыр тиюі мүмкін", - дейді Мұғалжар ауданының білім бөліміндегілер.
Бала отбасының үлкен баласы екені белгілі. Әке-шешесі ажыраспаған. Оның төрт бауыры бар: төртінші сыныпта оқитын және жаңа туған інілері, екінші сыныпта оқитын және 4 жасар қарындастары бар. Баланы мұндай ауыр әрекетке не итермелегенін қазір полиция анықтап жатыр.
Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Алға ауданындағы мектеп оқушысы дәл осындай жолмен өз-өзіне қол салған.