Елордада танымал спортшы көшеде кетіп бара жатқан адамды ұрып құлатқан болатын. Бұл жайлы еліміздің ақпарат құралдары жазды. Жан сақтау бөліміне түскен жәбірленуші ес жия алмай жатқан көрінеді. Туыстары оны мүгедек болып қала ма деп қауіптенеді. Ал оны осындай жағдайға жеткізген боксшы жайлы не білеміз? Caravan.kz жұдырығы жуан танымал боксшыны анықтап көрді.
Мәліметтерге қарағанда, спортшының есімі - Азат Қамзин. Көптеген әлемдік додаларда топ жарған талантты боксшы әрі халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
СҚО-ға қарасты Қызылту ауданының тумасы. Жасы 26 да. Бокстан әуелгіде 49 келі салмақта өнер көрсеткен былғары қолғап шебері аса танымал.
Петропавлда өткен К. Сафин атындағы турнирде чиемпион атанса, 2009 жылы Орал қаласында жастар арасында чемпион болды. Ресейдің Семфирополь қаласында ересктер арасында өткен сайыста жүлдегер болды. 2012 жылы Әлем кубогының чемпионы атанды. «Астана арландары» тобында өнер көрсеткен.
Қазір аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, яғни денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, егер спортшының кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.