$ 443.85  474.3  4.8

«Заңсыз алып тұр»: тиісті жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылар мұнарадан секірмек болды (ВИДЕО)

Жеті сағаттық келіссөзден соң, бас мердігер жалақыларының бір бөлігін беруге келісті.

Жамбыл облысында еңбек ақысын ала алмаған жұмысшылар су мұнарасының ұшар басына шығып алды. Олар бас мердігер маңдай тер ақымызды бермесе, биіктен құлаймыз деп мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасы. 

- Адал еңбегіміздің ақысын сұрап тұрмыз. Не болып жатыр? Кетсін!  

Бас-аяғы бес адам 2 млн 180 мыңға тапсырыс алған. Олар тротуар төсеп беруі тиіс. Алайда жұмыстың аяқталуына жақын қалғанда бас мердігер жұмысқа көңілі толмайтынын айтып, бәрін бұзғызып, қайта істеуді тапсырыпты. Ашуланған жұмысшылар кәсіпкерден осыған дейін еткен еңбектің ақысын беруді талап етеді. Мердігер оған көнбеген. Амалы таусылаған бес адамның екеуі  биік су мұнарасына шығып қиғылық салды.

«Есеп айырыспаса – өлеміз» деген екеуді ешкім төмен түсіре алмай әуреге түсті. Арадағы жеті сағаттық келіссөзден кейін бас мердігер маңдай тер ақысының бір бөлігін беруге келісті. Яғни, сұралған 1 млн. 300 мың теңгенің 800 мың теңгесі қолма-қол қайтарылды. Содан кейін шу көтергендер жерге түсті. Ал кәсіпкер жұмысшылардың бұл әрекетін «бопсалау» деп отыр. Оның айтуынша, олар сапасыз құрылыс жүргізген.

Жұмағұл Байменов, бас мердігер:

- Заңсыз алып тұр, бұл бопсалау болып тұр. Бізге әлі акті келген жоқ. Істелген жұмыстарына енді алып келеді. Акті болмағандықтан, біз ақшаны төлей алмаймыз. Бұлардың істеген жұмысы бар, бірақ дұрыс емес. Сондықтан техқадағалау қабылдамай, бұзып тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жалақы