Қостанай облысында мас адам мінген «УАЗ» көлігі көпірден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Денисовка-Антоновка тасжолында болған.
«УАЗ» көлігіне мінген 57 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай көпірден құлап кеткен. Тергеу барысында оның алкоголь ішкені расталды. Көлік ішінде тағы бір адам болған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазір көлік жүргізушісі мен жолаушы Денисов аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Тергеп-тексеру шаралары жалғасуда.