Жұртты шулатқан Мәншүк Мәметованың мүсіні енді Семейдегі балабақшадан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram желісіндегі semey_zhaloby парақшасында Мәншүк Мәметованың ағаш ескерткішінің жаңа қонысы белгілі болғаны туралы жазылған-мыс. Паблик мәліметінше, ол Семейдегі «Ажар» балабақшасының территориясына орналастырылған.
Суреттен ағаштан жасалған өнер туындысының түрлі затпен әрленгенін көруге болады.
«Ол Ажар балабақшасында не істеп жүр? Әлде көшірмесі ме?» - деп жазылған суреттің тұсында.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін батыр қыздың ағаштан жасылған мүсіні ұсқынсыз деп танылды. Сондай-ақ, ағаш мүсінді алып тастаған белгілі болды.