$ 443.35  475.54  4.82

Ақмола облысында алтын жатқан жер пайдаланылмай, жарамсыз қалған

Қойнауында алтыны бар аумақта ешқандай жұмыстар жүргізілмеген, уақыт өте жер телімі құндылығынан айрылып, жарамсыз күйге түскен, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Аумағы 434,7 гектар болатын ауылшаруашылық жер телімдері Ақмола облыстық әкімдігінің қаулысына сәйкес, «Таукен-Степногор» ЖШС-не 2009 жылдың маусымында 5 жылға жалға берілген екен.

Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің «Таукен-Степногор» ЖШС-не көлемі 43 956 720 теңге болатын ауылшаруашылық өндіріс ысырабының орнын толтыру туралы талабы қанағаттандырылды.

Сот шешімі жеке сот орындаушысы Амантай Дайыровқа тапсырылды. Осы атқару өндірісі бойынша үш жылға созылған жұмыс сәтті аяқталып, талап етілген сома толық көлемде өндірілді.

«Жалданған жердің бір бөлігінде алтын кені болған. Алайда, қойнауында алтыны бар аумақта ешқандай жұмыстар жүргізілмеген, уақыт өте жер телімі құндылығынан айрылып, жарамсыз күйге түскен. Талап құжатында «Таукен-Степногор» ЖШС келтірген ауылшаруашылық өндіріс ысырабы 43 956 720 теңге деп анықталды» делінген ҚР Әділет министрлігі мәліметінде.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ мен «Таукен-Степногор» ЖШС арасындағы сот дауы 5 жылға жуық жалғасты.

Қазіргі уақытта атқару өндірісі толық көлемде орындалып, өндірілген сома республикалық бюджетке қайтарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары