$ 446.49  475.38  4.79

«Сыраны жарнамалап тұр ғой»: қолына стақан ұстаған алып батырдың суреті жұртты таңғалдырды (ФОТО)

Желі оқырмандары қабырғаға ілінген суреттегі батырдың не жарнамалап жатқанын тұспалдап көрді.

Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде қолына сусын ұстаған батырдың суреті пайда болды. Желі қолданушылары дулыға киген ердің не ұстап тұрғанын түсіне алар емес, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суреттерді фотожурналист Досжан Балабекұлы Faсebook парақшасында жариялады.

"Алматыдағы әл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысындағы көп қабатты пәтердің қабырғасына салынып жатқан мына кейіпкердің қолындағы кофе ме, шәй ма, әлде, сыра ма? Өзім түсінбедім", - деді сурет авторы.

Желі оқырмандары қабырғаға ілінген суреттегі батырдың не жарнамалап жатқанын тұспалдап көрді.

"Сыраны жарнамалап тұр ғой", "Латте ме?", "Стақанмен шай ішу", " Шәй болар. Сауыт киген батырлардың заманында кофе, сыра болмаған шығар", "Қымыз шығар" деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#батыр #сыра