$ 494.87  520.65  4.91

39 жастағы азамат мешітті өртеп жіберді

Молданы таба алмаған соң, ер адам сіріңкені еденге лақтырып, кетіп қалған. Осыдан кейін өрт шыққан.
Фото: replyua.net
Фото: replyua.net

Оқиға 3 қарашаға қараған түні Уфадағы "Хамза" мешітінде болған. Қылмыс жасады деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оған әдейі өрт қойды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы "Алаш Айнасы" басылымына сілтеме жасап. 

"Сол күні ол мас болған. Мешіттің жанынан өтіп бара жатып, есігінің ашық тұрғанын көреді. Ғимараттың іші қараңғы болғандықтан, молданы іздеп табу үшін сіріңке тұтатқан", - деп мәлімдеді Башқұртстан ІІМ баспасөз қызметі.

Молданы таба алмаған соң, ер адам сіріңкені еденге лақтырып, кетіп қалған. Осыдан кейін өрт шыққан. Күдікті өз ісіне өкінетінін айтты. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, шығын сомасы есептеліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мешіт #Уфа