$ 446.49  475.38  4.79

«Жыныстық қатынасқа түскен соң тұншықтырып өлтірген»: қылмыскердің қолынан 3 адам қаза тапқан

7 жасар қызды өлтіргені үшін сотталған қылмыскер басқа да қылмыстары жайлы айтып берді. Оның мәлімдеуінше, ол бұрын іздеу салынған әйел мен баланың өліміне қатысы бар
Фото: vyatka-grad.ru
Фото: vyatka-grad.ru

7 жасар қызды өлтіргені үшін сотталған қылмыскер басқа да қылмыстары жайлы айтып берді. Оның мәлімдеуінше, ол бұрын іздеу салынған әйел мен баланың өліміне қатысы бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Виктория Ганиді өлтірген Денис Лесниковтың жоғалып кеткен адамдарға қатысы бар екені айтылғаннан кейін полиция әйел мен баланың жоғалып кетуіне қатысты тергеуді бастады.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға 2012 жылдың 10 сәуірінде орын алған. Убаган ауылының бір қызы скутер мініп келе жатқан жас жігітпен бірге облыс орталығына жетіп қалуға келіседі. Осыдан кейін жасөспірім жоғалып кетті.

Жоғалған қыздың анасы баласының табыларына сенген болатын, алайда қызының сүйегі табылғаннан кейін, әйел үміт үзді. Лесников мәйіт жерленген жерді өзі көрсетті. Ата-аналарына қыздарының өлімі туралы хабар жеткеннен кейін, әкесі қайғыны көтере алмай, 2 сағаттан кейін инфаркттан көз жұмған. Ал, Лесниковтың осы оқиғадан 6 күн өткен соң үйлену тойы өткен. Алайда ол мұнымен тоқтаған жоқ. Оның айтуынша, сол жылдың 18 маусымында ол өзімен дастархандас болудан бас тартпаған бір қызды кездестірген. Лесников оған адам жүрмейтін жерде бірге сыра ішуді ұсынған.

Қысқа таныстықтан соң, екеуінің арасында жыныстық қатынас болған. Жігіттің айтуынша, осы кезде ол құрбанды тұншықтырып өлтірген. Лесников өлген қыздың денесін шөппен жауып тастау арқылы қылмыстың ізін жасырған.

Кісі өлтіруші келесі қылмысын 2 айдан кейін жасағандығын айтады. Оның бұл жолғы таңдауы 45 жастағы әйел еді. Қылмыскер белгіленген схема бойынша әрекет етті - алкоголь мен адамдардан оқшау жер. Осыдан кейін ол әйелді де дәл бұрынғысынша тұншықтырып өлтірген.

Белгілі болғаны, ер адам үйленген және екі бала тәрбиелеп өсірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс