Сеулде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының құрметіне көрме ашылды.
Көрмеге спортшының сирек фотосуреттері мен жеке заттары қойылды. Көпшілік назарына спортшының шығармашылық туындылары ұсынылған, деп хабарлайды aikyn.kz басылымы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев: «Спорт арқылы, өзінің спорттық жетістіктері арқылы ол Қазақстанды әлемнің басқа елдерімен, оның ішінде, әсіресе Корея Республикасымен біріктірді», - деді.