Ұлыбританияда бірнеше апта бойы нөсер тоқтаусыз жауған. Салдарынан бірқатар аймақтарда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Англияның солтүстігінде, Шеффилде, жүздеген адам судың тез көтерілуінен жергілікті сауда орталығына қамалып қалды.
Бірнеше темір жол желілері жабылды, ал мыңдаған жолаушы үйлеріне немесе жұмыстарына жетудің басқа амалдарын іздеуге мәжбүр болып отыр.
Дереккөз: 24.kz