$ 494.87  520.65  4.91

Құтқарушылар ОҚО-да 113 адамды қар құрсауынан алып шыққан

Ауа райының қолайсыздығы тек оңтүстікқазақстандық тұрғындарды әбігерге салмай, құтқарушыларға да біраз       жұмыс тауып берді. Соңғы екі тәулік көлемінде ОҚО ТЖД мамандары қар құрсауында қалған 113 адам мен 22 техниканы қауіпсіз жерге алып шыққан деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

23 желтоқсанда сағат 18.30-дан бастап Бәйдібек ауданында «Шолаққорған-Шаян» автожолының 598-606 км ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасақтың» күштерімен қар құрсауынан 7 техника шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқару операциясында жасақтың 10 құтқарушысы қатысып, 3 техникасы жұмылдырылды.  

Сол күні бір уақытта  ОҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» күштері авариялық-құтқару жұмыстарын басқа бағытта жүргізді. Жамбыл облысының Жуалы ауданында сағат 18.30-дан бастап «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автожолдың 593 км Шақпақ ата асуында Оңтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызметінің 4 адам жеке құрамы және 1 техникасы қар құрсауынан 9 техниканы шығарып, 30 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. 

Ал, 22 желтоқсанда сағат 19.00-ден  23 желтоқсан сағат 07.30-ға дейін құтқару жұмыстары «Кентау-Шолаққорған» облыстық маңызы бар автожолының 44 км жүргізіліп, қар құрсауынан 83 адам және 6 техника құтқарылды. 

Құтқару жұмыстардың нәтижесінде оңтүстікте қар басудан жалпы 113 адам эвакуацияланды және 22 техника шығарылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары