Жаңа жылдан бастап ел шенеуніктері жаңа ереже негізінде жұмысқа кіріспек. Жаңа ереже бойынша мемлекеттік қызметкерлердің мүлдем сыйлық алуға болмайды. Бұдан бұлай ақ жағалылар кез-келген тарту-таралғыдан бас тартуы тиіс. Ал оны алған адам сыйлықтың құнына, көлеміне қарамастан, жазаға тартылады.
Мұндай ережені Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енгізіп отыр деп хабарлайды Астана арнасы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заң ережелеріне сәйкес сыйлықтарды алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге жатқызылып отыр. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа құжат 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
“Егер екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болса, заңмен рұқсат етілген, алайда сыйлықтардың құны көбінесе асып кетеді. Себебі қазіргі таңда екі айлық көрсеткіш сонша көп сомма емес ғой”, – дейді Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Майкен Базгенова.
Тың реформа жүзеге асқан соң, қымбат сағаттан бастап шетелдік көлікке дейін сияпат көрген талай шенеуніктерге қораптағы кәмпиттерден де бастартуға тура келеді.