$ 446.49  475.38  4.79

Сауд Арабиясында аурухана өртеніп, ондаған адам көз жұмды

Саудияның Джизан қаласында аурухана өртеніп, төтенше жағдай орын алды. Соңғы деректер бойынша, қайтыс болғандар саны 25 адамнан кем емес. Тағы 107 адам жарақат алғандар қатарында. Бұл жайында Сауд Арабиясы Азаматтық қорғаныс қызметі өзінің Фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Өрт Астана уақытымен бүгін таңғы сағат 5 шамасында тұтанған. Қызыл жалын ғимараттың бірінші қабатын шарпыды. Мұнда жүкті әйелдердің босану бөлімшесі мен интенсивті терапия бөлімшесі орналасқан.

Өртті сөндіруге құтқарушылардың 20 бригадасы жұмылдырылды. Олар жарақат алған науқастарды жақын маңдағы өзге ауруханаларға жеткізді. Әзірге жалынның неден тұтанғаны белгісіз, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары