$ 448.15  483.46  4.86

8 жыл бойы бала сатып келген Алматылық дәрігерлер ұсталды

Алматы облысына қарасты көп салалы аурухананың ақ халаттылары сегіз жыл бойы жаңа туылған сәбилерді саудалап келген. Дәрігерлер алдымен жас босанған аналарды балаларынан бас тартуға көндіріп, артынша сатып алатын клиент іздеген. Бұл туралы  Время басылы жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Балақайлардың бастапқы бағасы 6 мың доллар болғанымен, кейде саудаласудың салдарынан арзанға да кетіп отырған. Жаға ұстатар қылмысқа перзентхананың 10 дәрігері қатысқан. Қылмыстық топты басқарған перзентхана бөлімінің меңгерушісі Қадырсызовадан бастап, шақалақтардың туған анасы мен асырап алғандары да қазір тергеуде жауап беріп жатыр.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, ауруханадағы бала саудасы туралы ақпар келіп түскенімен, оны бірден ашуға мүмкіндік болмаған. Тіпті, пысықай дәрігерлер жасырын қойылған камера мен тыңшылық құралдарға да сезік білдірмеген. Өмір есігін енді ашқан сәбилерге арнайы карточкалар ашпай, құжатты бірден асыраушыларының атына жазып отырыпты. Ал, өгей әке-шешері болса, осы арқылы арнайы мекемеден балаға туу туралы куәлікте алған.

Ақшаға құныққан ақ халаттылар заңсыз кәсіптің құрбандарын алдын ала біліп отырған. Бұл жұмыспен Шавдунова және Ниязова есімді екі акушер айналысып, «әке-шешелерің сендерді кешірмейді, баланы қарауға жалғыз күшің жетпейді» деген сықылды сөздермен аналарды психологиялық тұрғыда баласынан бас тартуға көндіріп, қол хат жаздырып алып отырған. Осы сәтте бірқатар медбикелер асырап алушыларды іздесе, енді бірі жалған құжат жасаумен айналысқан.

Дәрігерлерді тіпті, өгей әке шешелердің жас баланы бағуға шамасы жете ме, олар оны өз баласындай жақсы көріп кете ме, қабылдай ма деген ой мазаламаған. Нәрестені асырап алушыны олар ЭКО орталықтан да іздеген. Тіпті қосымша ақы алып акушерлер жаңа туылған сәбидің туған күнін ата-анасының қалауы бойынша өзгеріп те отырған.

Аталған қылмыстың ашылуына, перзентханада жұмыс жасайтын мейірбикенің көмегі көп болды дейді полицейлер. Қылмыстың басынан келе жатқан акушерден алғашқы сәбидің 2008 жылдың наурыз айында, ал соңғысы 2015 жылдың көктемін де сатылғанын анықтаған. Бас-аяғы 15 сәбиді дәрігерлер саудаға салғаны дәлелденіп, қылмыстық іс қозғалған.

15 баланы асырап алған жанұяда табылғанымен, олар алғашында заңды құжаттарын көрсетіп, қылмыстарын мойындамаған. Кейін сараптама қорытындысынан соң шындарын айтып, бүлдіршіндерді туғанындай жақсы көреміз деп ағынан жарылыпты. Қазір тергеу кезінде сәбилер асырап алған ата-аналарымен бірге тұрып жатыр. Аталған іс бойынша тергеуде дәрігерлер қылмыстық топ екені дәлелденген, енді олар 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Ал аталған көп салалы аурухананың бас дәрігері қызметінен қуылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары