$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әуежайы түрік компаниясына сатылуы мүмкін

Министр Алматы әуежайы жеке меншікте екенін, сондықтан активті іске асыру жүріп жатқанын атап өтті.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы халықаралық әуежайының сатылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 7kun.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір бір түрік компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр. Мен қазір түсініктеме бере алмаймын. Бұл – әлі аяқталмаған мәміле», - деді ол Үкімет отырысында.

Министр Алматы әуежайы жеке меншікте екенін, сондықтан активті іске асыру жүріп жатқанын атап өтті. Осы орайда еске сала кетсек, ол әуежай дәл қазіргі сәтте нидерландтық «Venus Airport Investments B.V.» компаниясына тиесілі.

Атамқұловтың айтуынша, Алматы әуежайы – Орталық Азиядағы ең ірі әуежай. Сондықтан жолаушылар терминалын жаңғырту және қайта жаңарту қажет.

«Алматы әуежайы арқылы жолаушылар тасымалы жыл сайын артып келеді. Оның үстіне жақында министрліктің «ашық аспан» туралы бұйрығы қабылданды, бұл бағыттар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы аптада Доха бойынша келіссөздер аяқталды. Алматыда күн сайын желтоқсанның ортасынан бастап Катар авиажелілерінің 7 рейсі, Нұр-Сұлтанда да 7 рейс болады. Тағы 7 жүк рейсі болады. Бұл біздің азаматтарымызға Доха арқылы қосымша бағдар таңдауға мүмкіндік береді, баға мен қызметтерге әсер етеді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары