$ 445.66  474.58  4.78

Украинадағы оқиғадан соң Алматылық турагенттіктер пайдаға кенеле бастады

Алматылық туристік агенттіктер Украинада орын алған апатты жағдайдан ұтып отыр, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Барлығымызға белгілі, Киев арқылы ұшатын турфирма клиенттері бюджетін үнемдейді. Десе де демалушылар өз өмірлеріне қауіп төңдіруден қашады. Бұл туралы туристік компаниялар мәлімдеді.

Қаладағы турагенттіктерінің бірі - «Ю-ТУР Империя» ЖШС айтуынша, алматылықтар Украинада орын алған жағдайдан кейін тікелей қатынастарды таңдағанды жөн көреді. Сонымен қатар, фирманың өзі де халықаралық әуе компаниялармен серіктесуді қойған.

― Кешегі Украинадағы жағдай біздің клиенттеріміздің санына әсер етпеді. Біздің турфирма халықаралық әуе компанияларымен серіктестікті үзгендігіне біраз уақыт болды. Егер Киев арқылы ұшуды жөн көргендер болса, біз міндетті түрде ол елдегі жағдайлардан хабардар етеміз, ― деді «Ю-ТУР Империя» ЖШС директоры Вадим Алиев.

«Колибри» атты фирманың мәлімдеуінше, алматылықтар алыс аймақтарға Киев арқылы баруды қойған. Өміріне қауіп төнетіндіктен ақша үнемдейтіндердің саны азайды.

― Украинада болған ұшақ апатынан кейін біздің турагенттікке билетін ауыстыру немесе ұшу күнін ауыстыру турасында өтініштер түспеді. Біздің клиенттер Киев арқылы ұшпауға тырысады. Иә, Киев арқылы ұшқан тиімді. Мысалы, Алматыдан Лонданға ұшу бағасынан 40 пайызға төмен. Біз әрдайым ескертулер жасап отырамыз. Сол себепті бүгін ешқандай қиындықтар орнамады,―деді «Колибри» турагенттігінің директоры Ермек Смағұлов.

Көптеген турагенттіктер чартерлік рейстерді тоқтатқанымен, алмалықтардың ішінен Киев арқылы ұшуға дайын азаматтар да табылды. «Grande Voyage» ЖШС компаниясы Украина астанасы арқылы ұшатын ұшаққа билетті алдын ала алған клиенттердің бар екендігін мәлімдеді.

― Әрине, Украинадағы жағдай алматылықтарға өте қатты әсер етті. Барлығы өз өмірлеріне алаңдаулы. Бізде Киевке ұшатын ұшаққа екі билет сатып алынған. Бірақ осы уақытқа дейін олардан ешқандай өтініш түспеді. Ол азаматтарға ескерту жасалды. Ең соңғы рет Киев арқылы ұшақ маусым арасында ұшқан, ― деді «Grande Voyage» ЖШС компаниясының менеджері Алена Попова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары