$ 494.87  520.65  4.91

Елде бөтен әйелге 5 секундтан артық қараған азаматтар жазаланатын болады

Мемлекеттік қызметшілерге енді бағасы өзінің айлық жалақысынан қымбат шығатын сыйлық алуға да болмайды.

Монғолияда Мемлекеттік қызметші тәртібі Кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға қызық өзгерістер енгізілмек. Енді бұл елде бөтен әйелге 5 секундтан артық қарауға болмайды, ол жыныстық сипаттағы құмартушылық, емініп-дәмелену ретінде бағаланатын болады, деп жазады "Замана" басылымы.

Сондай-ақ енді монғол мемле­кеттік қызметшілері ұшақта бизнес-класс қызметін пайдалана алмайды. Оларға қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға да тыйым салынды. Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге енді бағасы өзінің айлық жалақысынан қымбат шығатын сыйлық алуға да болмайды.

Осының бәрінің туындауына елдің Конституциялық Сот төрағасы Дорж Одбаяр кінәлі болып қалды. Ол таяуда бір қызметкерімен бірге Оңтүстік Кореяға барған екен. Сонда ұшақта мас күйде болып, кореялық стюардессаның бөксесіне қол жүгірткен. Ал жанындағы серігі екінші бой­жеткеннің иығына асылған екен. Инчхон қаласына барып жеткен бетте полиция екеуін де қамауға алған. Сосын біраздан соң босатқан. Арада көп уақыт өтпей, бұл Монғолия үкіметіне белгілі болды. Енді кінәлі азаматтар­ға тиісті жаза қолданылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Моңғолия #заң