Ұлттық банк өкілдері шетелдік қандай банкнот жарамсыз болып табылатынын және қайсысы айналымға жарамды екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық банк баспасөз қызметі тілшінің ресми сауалына берген жауабында банкноттар мынадай жағдайда жарамсыз болып табылады екен: екіге бөлінген (оның ішінде желімделген);
- өртенген және күйдірілген;
- жартысынан көп бөлігіне бояу тиген, сия немесе май;
- түсін жоғалтқан; қатты ескірген және бұлғанған;
- айтарлықтай үгілген (қаттылығын жоғалтқан);
- айшықты баспа қателігі болса;
- үш миллиметрге ұлғайтылған не кішірейтілген;
айтарлықтай қасақана зақымданулары бар: негізгі суреттері өзгертілген (атап айтқанда адамдардың портреттері), қорғау жібі алынған, үлкен жазбалар (оның ішінде ультракүлгін сәулелерде көрінетін), банкноттың өтелгенін куәландыратын екі таңбадан астам мөртабандар, бір миллиметрден аса екі тесік; ультракүлгін сәулелердегі қағаздың жарқырауына алып келген кез келген сыртқы әсерге ұшыраған.
Ал, мына жағдайларда банкнота жарамды болады:
- сурет сапасына әсер етпейтін аздаған түсін жоғалту мен ластанулар;
- бұрыштары жапсырылған немесе бір шаршы сантиметрден аспаса банкнотаның ені бойынша бір сантиметрден және ұзындығы не диагоналі бойынша төрт сантиметрден аспайтын үш кесіктен аспайтын (оның ішінде желімделген);
- ұсақ майлы және басқа дақтары, жазулары және іздері бар, егер олар шетел валютасы банкноттарының түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтірмесе;
- диаметрі бір миллиметрден аспайтын екі тесігі бар.
Сондай-ақ, айырбастау, сатып алу немесе инкассоға тапсыру (шетел банкіндегі айырбастау - авт. түсіндірмесі), жарамсыз шетелдік ақшаны екінші деңгейлі банктерге өткізу, ал Ұлттық банктің өзі тек теңгемен жұмыс істейді. Банктер қабылдаған тозған және жарамсыз банкноттар инкассоға шетелдік банктерге жіберіледі. Бұл ретте клиент инкассо талаптарына келісімге қол қояды және ЕДБ банкноттардың номиналдық құнының 10 пайызынан аспайтын комиссиялық сыйақы төлейді.
«Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда Ұлттық банктің орталық кеңсесіне немесе аймақтардағы Ұлттық Банктің филиалдарына хабарласу қажет», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.