Жаңалықтар 13.11.2019 сағат 23:41

СҚО-да 2 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Қазіргі уақытқа дейін жүрген жері белгісіз.
СҚО-да 2 адам із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: ҚазАқпарат
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары үйлерінен шығып, хабарсыз кеткен өңірдің екі тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалған Виктор Викторович Раскатовқа іздеу жариялады. 1983 жылы 31 наурызда туған қала тұрғыны биыл 30 қыркүйекте Иртышская көшесі, 3 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Қазіргі уақытқа дейін жүрген жері белгісіз. 

Виктордың бойы 160 см , орта денелі, шашы қоңыр, көзі көк. Сол күні үстінде сұр түсті трико, қою жасыл түсті куртка, қара галош, қара түсті бас киімі болған. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтарды 102, 8(7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-747-239-11-61, 8-707-909-50-06 телефондарына хабарласуды сұрайды. 

Сондай-ақ СҚО Полиция департаменті Қызылжар ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі Баймага Гарахановна Мирисмаиловнаны іздестіріп жатыр. 1967 жылы 17 тамызда туған әйел Қызылжар ауданындағы Боголюбово елді мекенінің тұрғыны. 31 қазанда шамамен сағат 16.00-де үйінен шығып кеткен және қазіргі уақытқа дейін жүрген жері белгісіз. ІІ топтағы мүгедек, әзербайжан тілін ғана біледі. 

Баймага Гарахановнаның бойы шамамен 160- 165 см , дене бітімі арықша келген, шашы қара, бұйра, көзі қара. Үстінде ұзынша келген қара түсті куртка, қара түсті белдемше, қызыл түсті етік, басында қара түсті орамал болған. Оны көрген-білгендер СҚО ПД Қызылжар ауданының полиция бөлімшесіне 8-707-606-68-25, 8-777-082-81-21, 8-715-38-2-17-02, факс 8-71538-2-22-08 немесе 102 нөміріне ақпарат бере алады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар