$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысында әйелдің өртенген мәйіті табылды

Ресми ақпаратқа сүйенсек, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған.
Фото: Qamshy.kz
Фото: Qamshy.kz

Қарағанды облысында ауылдан әйелдің өртенген мәйітін тапты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Ресми ақпаратқа сүйенсек, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толығымен өртелмеген. Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол әйелдің танысы болып шықты.  

"21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Әйелмен ұрсысып қалғасын оған жарақат салған. Артынан мәйіттен құтылмақшы болған. Сөйтіп, 21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген", – дейді облыстық полиция мамандары.

Күдіктілердің мәйітті қай көлікпен тасымалдағаны анықталды. Көлік құралы тәркіленді. Күдіктінің жолдасына қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары