«Қазгидромет» РМК 16 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенбі күні ел аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінің тауларында кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Түркістан облысында екпіні 23 м/с Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.