$ 444.22  476.38  4.82

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігеріне қатысты тергеу аяқталды.  Құрманәлі Б.Т. сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген.
Фото: angusht.org
Фото: angusht.org

Меркі ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігеріне қатысты тергеу аяқталды.  Құрманәлі Б.Т. сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. 

"Ол ЖШС өкілінен 2 миллион 800 мың теңгеге құрғақ балалар тамағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартта орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 800 мың теңге көлемінде пара алған. 12 қарашада Мерке аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды", - деді ведомстводағылар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары