$ 498.34  519.72  4.85

Кентукки штатында 2 мың адамның қатысуымен төбелес орын алды

Шамамен 2 мыңда жастың қатысуымен Луисвилл қаласының (Кентукки штаты, АҚШ) іргесіндегі ірі төбелес орын алды деп хабарлайды NBC News.

Жаппай бей-берекет сенбі күні кешке сауда орталығының ішінде және ауласында басталған. Төбелеске қатысқандар 13-20 жас аралығындағы жеткіншектер мен жасөспірімдер екені анықталды. оларды ажыратуға 60 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Жастардың жағажыртысы осындай үлкен аудымда болса да тәртіп сақшылары ешкімді қамауға алған жоқ. Тіпті, жарақат алғандар да болған жоқ дейді қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Деннис Макдоналд. Оның айтуынша, сауда орталығының күзет қызметі дер кезінде әрекет етіп, қантөгістің алдын алған.

Қазіргі таңда төбелестің себептері анықталып жатыр. Қақтығычстар алдын ала жоспарланбаған.

"Бұл тура көтеріліс секілді болды. Халық есінен адасқандай. Мен полицияда 33 жыл жұмыс істеп, мұндайды бірінші рет көруім" дейді Макдоналд.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары