$ 444.22  476.38  4.82

Сауд Арабиясында ұсталған қазақстандықтардың кім екені анықталды

21 желтоқсан күні Сауд Арабиясында лаңкестік топтардың қатарына қосылмақ болды деген күдікпен ұсталған қазақстандықтардың кім екені анықталды деп хабарлайды Қазақпарат Корольдіктің қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, кеше Саудияның құқық қорғаушылары бірнеше елдің азаматын лаңкестік күдігімен қолға түсірген болатын. Алғашында, олардың қатарында бес Қазақстан азаматы бар деген мәлімет тараған. Алайда, кейінірек олардың үш студент екені анықталды. Олар сол елдегі жоғару оқу орындарының бірінде оқып келген.

Билік өкілдері ұсталған шетелдіктерді экстремистік топтардың қатарына қосылып, лаңкестікпен айналыспақ болған деген айып тағуда. Дегенмен, тағылған айыптар әлі толық дәлелденбеген, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары