Түркістан облысында намаз оқып, діни білім алатын бөлмесін есірткі қоймасына айналдырған азамат сотталды. Бұрын да төрт рет түрмеде отырып шыққан салафизм бағытының өкілі биыл жыл басында ұсталған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жат ағымның жетегінде жүрген жетісайлық көпбалалы әке өзінің ілім үйренетін бөлмесінде есірткі дайындап, оны сақтап келген. Тергеу мен сот кезінде Әбдіхалық Тәңірбергенов есірткіні үйде сақтау дінмен тыйым салынбаған деп түсіндірді. Кәмелетке толмаған бес баласы мен мүгедектігі барын ескерген оны Жетісай аудандық соты бір жарым жылға бас бостандығын ғана шектеді.