Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде аязға байланысты сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«21 қараша ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген елордалық Білім басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ ШҚО-ның бірнеше өңірінде білім беру процесі тоқтатылды.
Атап айтқанда, Білім басқармасының ақпаратына сәйкес, Глубокое, Көкпекті, Абай, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында, сонымен қатар Курчато қаласында -28-34 аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақтар тоқтатылды.