$ 494.87  520.65  4.91

Зауыт салуға ниетті болған кәсіпкер жалға алған жерін сатып жіберген

Материалдық шығын 7 200 000 теңге болғаны хабарланып отыр.

Елордалық кәсіпкер зауыт салу үшін жалға жер алып, оны сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Н.» ЖШС директоры елордаға жақын маңда зауыт салу үшін 5 жыл мерзімге 1,5 гектарлық жерді пайдалануға алған. Осыдан кейін сотталушы жалға алған жердің мақсатты түрде пайдалануы керектігін біле тұра, Olx.kz сайтына 2 млн теңгеге 10 сотық жер сататынын жазып, хабарландыру берген», - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Осылайша, бөлінуге жатпайтын жер учаскесінде тұрғын үй салуға болмайтынын біле тұра, екі азаматпен сату-сатып алу туралы алдын ала келісімшарт жасасып, олардың ақшасына ие болған. Материалдық шығын 7 200 000 теңге болғаны хабарланып отыр. 

«Алматы аудандық №2 сотының үкімімен «Н.» ЖШС директоры алаяқтығы үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, ол материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды иелену құқығынан 5 жыл мерзімге шектелді. Азаматтық арыз қанағаттандырылып, сотталушыдан 7 200 000 теңге өндіріліп алынды. Үкім заңды күшіне енді», - деді қалалық соттан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары