21.11.2019, 14:15

Қызылордада көлік жүргізушісі аялдамада тұрған 3 адамды қағып кеткен (ВИДЕО)

Тергеу жалғасып жатыр.

Қызылордада аялдамада тұрған жолаушыларды қағып кетті, деп жазады "Айқын" газеті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға таңертең болған.

Назарбаев даңғылының бойында Toyota Camry жүргізушісі Mercedes-Benz көлігін соғып кетіп, көлік тізгініне ие бола алмай, аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен. Үш адам алған жарақатынан қайтыс болған.

Бұдан бөлек, екі адам түрлі жарақаттар алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ, адамдардың өліміне себепкер болған адам ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Мамандар қажетті сараптамаларды жүргізуде.

Құқық қорғау органдарында ұсталған адамға қатысты "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: жол апаты