$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткер әйелді балталап өлтірді

Жамбыл облысының полицейлері Ақыртөбе ауылында орын алған кісі өліміне күдікті екі тұрғынды құрықтады. Олар 74 жастағы зейнеткерді тонамақ болып, балталап өлтіріпті.

Марқұмның мәйітін тәртіп сақшылары кеше – 28 желтоқсанда тапқан. Оқиға орнына ең тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан құралған жедел-тергеу тобы жетіп, тексеру нәтижесінде «ізін суытпай» осы қылмысты жасады деген күдікпен жергілікті 19 және 24 жастағы екі азамат құрықталды. Оқиға орнынан қылмыс жасалған қару да тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында, екі күдікті таң азаңмен тұрғын үйден материалдық құнды заттарды тонау мақсатымен алдын ала сөз байласқаны анықталды.

Қазіргі таңда аталмыш оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлімі, 7-8-тармақтары «Кісі өлтіру»  бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары