$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

Жол апаты қарашаның 22-сінде сағат 21:16-да Шортанды станциясында болды.

Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомстводан хабарлағандай, жол апаты қарашаның 22-сінде 21:16-да Шортанды станциясында болды. 

"Ауди-80" автокөлігі "Нұр-Сұлтан – Көкшетау" бағытындағы №3473 жүк пойызының (құрамында 59 вагон бар) локомотивімен соқтығысты. Жол апатынан жеңіл көліктің жолаушысы Ф.Н. Дәуренбекова дене жарақатымен ауруханаға түсті. Ал 1984 жылғы жүргізушісі П.Б. Дәуренбеков дәрігер қараған соң үйіне жіберілді. Жол апатынан өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келген жоқ, - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары