АИ-92/93 маркасындағы жанармайдың бір литрлік бағасы 115 теңгеден 141 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды skifnews.kz.
1 тамыз бастап еліміздің барлық аймақтарында жанармай бағасы көтерілуі мүмкін.
АИ-92/93 жанармайы 115 теңгеден 141 теңгеге дейін, яғни 26 теңгеге қымбаттайды. АИ-80 жанармайы 89 теңгеден 122 теңгеге дейін, яғни 33 теңгеге көтеріледі. Дизельдік отын 115 теңгеден 129 теңгеге дейін, яғни 14 теңгеге бағасын өсіреді.
Бұл жайлы ақпаратты Табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Твиттер» әлеуметтік желісі арқылы жариялады.
Еске сала кетейік, қазіргі жанармай бағаларын Табиға монополияларды реттеу агентігі осы жылдың мамыр айында орнатқан болатын. Әзірге баға бұрынғы деңгейде тұр.
Сурет: zakon.kz