$ 494.87  520.65  4.91

Майор Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясының мүшесі атанды

Ашық дауыс беру Монакадағы жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастық кеңесі отырысында өтті.
Фото: ru.sputniknews.kz
Фото: ru.sputniknews.kz

Майор Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясының мүшесі ретінде алты спортшының арасынан таңдалынып алынды. Ашық дауыс беру Монакадағы жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастық кеңесі отырысында өтті,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы ҚР қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионы, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы майор Ольга Рыпакова осы жөнінде өз ойымен бөлісті. «World Athletics» атлеттер комиссиясына тағайындалу мен үшін үлкен құрмет. Себебі, ол барлық жеңіл атлетика ұйымдары мен шараларын басқарудағы жоғарғы орган. Осы құрылымның мүшесі болу дегеніміз спорт жақсартауға ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беру дегенді білдіреді. Әріптестерімді құттықтаймын! Бірге спортшылардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс істейтін боламыз. Біз бірге көп жетістікке жете аламыз. Маған артылған сенімді ақтауға және елімізді «World Athletics»-те лайықты көрсетуге тырысамын», - деді әскери спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастығына әлем бойынша 212 мемлекет мүше.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары