$ 498.34  519.72  4.85

Қытай: Қазақстанда мақта өндіретін фабрика салсақ үлкен шығынға ұшыраймыз

Жобаның қаржылық моделін әзірлеу және тәуекелдерді бағалау бойынша жұмыстар аясында қытайлық әріптестер соңғы жылдары байқалатын мақта құнының жиі ауытқуы күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді
Фото: rgmedia.kz
Фото: rgmedia.kz

Қытай инвесторлары «Оңтүстік» АЭА-да 42 млрд теңгенің зауытын салмайтын болды,-деп хабарлайды 7kun.kz порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство 2017 жылы Сяньян тоқыма өнеркәсіп паркімен келіссөздер жүргізгенін еске салды.

Министрлік сол тұста «Қытай тарапы аймақ аумағында 42 млрд теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді», – деп хабарлаған еді.

Өңірде мақта-мата иірімжібін өндіретін фабрика салынады, деп жоспарланған. Нысанның қуаттылығы жылына 25 мың өнімді құрауы керек еді.

«Жобаның қаржылық моделін әзірлеу және тәуекелдерді бағалау бойынша жұмыстар аясында қытайлық әріптестер соңғы жылдары байқалатын мақта құнының жиі ауытқуы күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді», — деді министрлікте.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары